Халықаралық атом агенттігінің өкілдері Алматы облысындағы Үлкен ауылына салынуы мүмкін станцияны зерттеп бастады. Қазақстан тарапы халықаралық ұйым өкілдеріне толық құжаттар мен зерттеу нәтижелерін ұсынады. Сарапшылар Алматы облысына барып, логистика, электр желілерімен танысып, мамандармен кездесулер өткізеді. Содан кейін әлемдік тәжірибелерімен салыстыра отырып, қорытынды әзірлеулері тиіс. Халықаралық атом агенттігінің миссиясы Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр.
Жандос Нұрмағанбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Өзінің заңдылығы болады атом энергиясын қолдану туралы. Заңдылықтардың қалай орындалатыны туралы өздері алыңғы көктемде келіп, бағасын беріп кетті. Осы жерде жұмыс жасады. Бүкіл заңнамаларды ішінде тартылған мекемелердің деңгейін, барлығы агенттіктің өзінің нұсқауларына сәкес келе ме келмей ме сол туралы өздерінің бағаларын беріп кетті. Бізде көптеген шаралар бойынша оң баға берді.
Паоло Контри, халықаралық атом агенттігінің өкілі:
Атом электр станциясын салу туралы идея қалыптасқаннан бастап, біз бақылау жұмыстарын бастаймыз. Қандай технология қолданады? Қанша қуат алуды көздейді? Елдің заңнамасының сәйкестігі. Экологиялық қауіпсіздігі. Тиімділігі. Тағы осындай сұрақтарды толық зерттеп, кей жағдайда ескертпелерімізді жасаймыз. Бірақ соңғы шешімді Қазақстан билігі қабылдайды.
Оңғар Алпысбай