Бангладеште денге ауруынан қайтыс болғандар саны мыңнан асып кетті. Сонымен қатар, масалардан жұғатын бұл індетке/ тағы 200 мыңдай адамның шалдыққаны расталып отыр. Науқастардың көбі мемлекет астанасы Дакканың маңындағы аудандарда тіркелген.
Айта кетсек, денге безгегі Оңтүстік Азияда маусым-қыркүйек аралығындағы муссон жауындары маусымында жиі кездеседі. Оған қарсы вакцина немесе дәрі әлі күнге дейін жасалмаған.
Арыстан Рысбек