Қазақ тілі цифрлық кеңістікке толықтай шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілі цифрлық кеңістікке толықтай шығады

02.10.2023

Қазақ тілі цифрлық кеңістікке толықтай шығады. Ол үшін Гугл, Майркасофт, Амазон сынды ірі компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, мобильді қосымшалар қазақ тіліне аударылады. Осы бағытта 7 жылдық тұжырымдама қабылданбақ. Ал Қазақстан Халқы Ассамблеясы бұл жұмыстарды жүргізуде үлкен ақпараттық платформа ретінде қатысады. Бүгін ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының 32-ші сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды. Әрі «Бір ел – бір мүдде» жаңа депутаттық топтың қызметі қаралды. Сондай-ақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру мәселесі де қаузалды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Қазақ тілі ғылым тіліне айналмаған жағдайда технологиялық, соңы инновациялық үрдістерден артта қалып барады. Терминология бағыты да өте маңызды. Сондықтан осының бәрі үлкен тұжырымдаманың ішінде бар. Тұжырымдама жақын арада қабылданады деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу