Мемлекет басшысы заңсыз иемденген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Онда кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы Президентке баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.