Алматы қаласының әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді

03.10.2023

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген қала әкімдігінің ғимараты толық қалпына келтірілді. 80 пайыз жарамсыз қалған нысанның жөндеу жұмыстарына республикалық бюджетен 17 млрд теңге бөлінген. Мердігер компания өкілдерінің сөзінше, ғимараттың тарихи келбеті сақталып, заманауи технология мен құрылыс стандарты ескерілген. Қасбетте жұлдыздың орнына бейбітшілік тұтастығының, мемлекет пен отбасы негізінің ұлттық символы саналатын шаңырақ бейнеленген.

Бейбіт Шаханов, қала әкімі аппаратының басшысы:

Бүкіл жиһаз, тағы басқа материалдардың барлығы өзімізде, көбіне Алматыда шығарылған өнімдер. Өзгеріс болғаны негізгі тек қана бірінші қабатта азаматтарды қабылдау бөлімі болды. Кеңейтілді. Келген азаматтарға жағдай жасалынды. Сол ғана өзгеріс. Ал былай жалпы ғимараттың реконструкциясы, кабинеттері бәрі бұрынғы қалпында сақталып қалды.

Ғимаратта барлығы 700 орынға есептелген 360 жұмыс бөлме бар. Нысанның жалпы ауданы 33 мың шаршы метрден асады. Онда 14 басқарма мен әкімдік аппараты орналасады. Мердігер компания өкілдері, нысанға сейсмикалық күшейту жұмыстарын жүргізген. 9-10 балдық жер сілкінісіне төтеп береді дейді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу