Астанада мектепте баспалдақтан құлаған оқушы ауруханадан үйіне шығарылды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға шамамен 10 күн бұрын нөмірі 14-ші мектепте болған еді. Үзіліс кезінде қоршауы жоқ баспалдақтың екінші қабатынан ойын баласы құлап кеткен. Оңбай құлаған оқушы бас миы жарақатын алған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, мектеп директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлаған едік.