Бүгін мәжіліс депутаттары Мемлекеттік корпорацияның жұмысын жетілдірілетін Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіруге бағытталған. Жоба пилоттық режимде тексерілген «Е-өтініш» жүйесін пайдалануды заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов азаматтардың жеке ақпаратының қорғалуы заң жобасы аясында қарастырылатынын айтты. Екінші оқылымда да осы мәселелер қаралмақ.
Әсима Нұрбайқызы