Қазақстандық мұғалім халықаралық сыйлықпен марапатталды. Жас ғалымның есімі әлемдегі ғалым-профессорлар бас қосатын алаңда аталды. Математика саласында үлкен теория ашқан қазақстандық мұғалім туралы не білесіз?
Сұраған Дүрбідхан 35 жаста. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып-өскен. Бала күнінен матемика мен физика пәндеріне бейім. 2005 жылы Қазақстанға көшкеннен кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық Униеврситетінде білім алып, алғаш ғылым жолын бастайды. Кейін 2013 жылы Лондондағы КИНГС корольдік колледжінде Теориялық физика бойынша магистр дәрежесін алып, ғылыми-қызметкер атанады.
Сұраған Дурвудхан, РHD докторы, профессор:
Ал мен ол кезде студент болдым барлық жаңалықтарға ғылыми жаңалықтарға қатты мән беріп отырдым, сол маған үлкен әсер етті. Сол тәбетім ой арманым соны оқу болып қалды. Жалпы адамзатқа белгілі ғой математиканың күш- қуаты, қолданысы үлкен екені. Жалпы өзімнің психологияма, жеке санама, үлкен төңкеріс болды. Ол қандай ғажаып барлық жаңалықты үлкен формулаларды математиканың қалам мен ақ парақтың формуланың күш- қуатымен алу. Бұл не деген керемет деп сол Битрхикстың оқыған кафедрасына оқуға бардым.
Сұраған 28 жасында үлкен жаңалық ашты. Ол математика салада жылдар бойы зерттеліп келген Харди теңсіздігін талдап, нәтижесінде жаңа теория ойлап тапты. Бүгінде бұл ілімді әлем математиктері қолданады. Сондай-ақ, қазақстандық жас ғалым бұл тақырыпта алғаш рет ағылшын тілінде үздік монография жазды. Осы еңбегі үшін ол Ferran sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйлығын алған тарихтағы ең жас ғалым. Әрі Орталық Азиядағы тұңғыш иегері.
Сұраған Дурвудхан, РHD докторы, профессор:
Нобель сыйлығына тең Филц сыйлығы бар сол сыйлықтың иегері біздің саланың басты маманы Чарльз Пипперман деген маман бар, сол кісі біздің нәтижелерімзді сол журналға ұсынды. Сол ұсынысымен басқа журналдарға жақсы мақалалар жаздық.. Сол сын- пікірлерде жазыпты үлкен әлемге есік аштыңыздар, әлі талай мақала жаузға болады. Бірақ неге кітап қылып жазбайсыздар? Мен өмірі кітап жазам деп ойлап көрген кісі емеспін. Мен айтам тәуекел етіп көрейік менде тәжірибе болмады ол кісіде болды. Бірақ мен елге қайтуым керек болды. Алматыда қара шаңырақ математика институты бар бұрыңғы Сәтбаев атамыз салып кеткен институты бар. Сол жерде отырып кіиапқа кірістім, 2-3 жылдай кітап жаздық.
Бүгінде жас ғалым шәкірт тәрбиелеп, математика саласындағы зерттеулердің дамуына үлес қосып жүр.
Хумоюн Джаббарханов, РНD докторы, шәкірті:
Ағайдың үлесі өте үлкен деп айта аламын себебі ол кісі екі жақтан да жақсы дамыған бірінші ол кісі ғылыми жағынан жақсы дамыған екінші жағынан мұғалімдік жағынан жақсы дамытқан. Негізі осы екі қасиетті бірге алып жүретін профессорлар көп емес, ғылымға кіріп кеткен көбінесе мұғалімдік жағы жетіспейді. ағаймен жұмыс істеу мүмкіндігі туылған кезде естіп осы жерге тапсырып түскен болатынмын. Осы жерде прояессормен 4 жыл бойы жұмыс істедік бірге 4 жылда 3 мақала жаздық оларды жақсы журналдарға басып шықты шетелде. Мен алғашқы болдым осы НУ PHD бойынша математика бағытында доктор болып қабылдандым.
Математика - ол тәуелсіз, дербес ғылым. Онда жетістікке жету екінің бірінен қолыннан келе бермейді. Бүгінде Қазақстанның математиктері әлемдік додада көш бастап жүр.
Ақмаржан Ғафиз