Түркі инвестициялық қоры құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі инвестициялық қоры құрылады

05.10.2023

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Қырғыз қор құрылтайшылары ретінде тіркелді. Қордың штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Қор өзара мүдделі салаларда даму жобаларын қолдауға негізделген. Оның жарғылық капиталы 500 млн доллар көлемінде болмақ.

Абзал Әбдікәрімов, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Қордың негізгі міндеті - халықаралық қатынастарды дамыту. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-ынтымақтастықты дамыту. Қордың мандатына шағын және орта бизнесті дамыту, инфраструктуралық жобаларды қаржыландыру одан кейін ішкі сауданы дамыту сияқты бағыт тардан құралады.


Хабарламаларға жазылу