Сенатта Қазақстан-Қытай арасында ақпарат алмасу туралы заң мақұлданды. Жалпы, екі ел арасында түрлі салада 250-ден аса халықаралық шарт жасалған. Бұл жолғы келісім Қазақстан мен Қытайдың көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін құқықтық негіз жасайды. Келісімді ратификациялау мемлекеттер арасындағы құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті одан әрі дамытуға, сақтауға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.