Елордада 6-11 қазан аралығында пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан байрақты бәсекеге Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония мемлекеттері қатысады. Парахоккейден ұлттық құрама былтыр Тайландта өткен әлем чемпионатында С тобынада ойнап екінші орын алған еді. Ал биылғы чемпионатта олар В тобында ел намысын қорғайды. Додада алғашқы екі орынды иеленген командалар келер жылы өтетін парахоккейден әлем чемпионатына жолдама алады.
Қайрат Сабыров, парахоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы:
Парахоккей шынымен үлкен мүмкіншілік беріп жатыр бізге. Үлкен мүмкіншілігіміз бар. В группасына шыққанымыздың өзі үлкен дәреже. Бар күшімізді слаамыз. Жеңгіміз келеді. Өзіміздің елімізде оның үстіне қабылдап жатырмыз. Алдағы мақсат - пара олимапидаға жету. Үш жылдан кейін параолимпиада. Оған біздің мүмкіншілігіміз бар.
Ақмаржан Ғафизқызы