Ұстаздар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

06.10.2023

Елордалық үздік педагогтар марапатталды. Оларға еңбек жолындағы кәсіби жетістіктері үшін 1 млн теңгеден 10 млн-ға дейін қаржылай сыйақы табысталды. Шараға 700-ге жуық ұстаз қатысты. Қала әкімі мұғалімдерге жағдай жасауға және қолдау көрсетуге ерекше назар аударылып жатқанын айтты. Жалақысы едәуір артып, тұрғын үй сертификаттары мен жоғары оқу орындарына білім гранттары көбейгенін еске салды.

Елорадада ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шарада 20 мұғалім «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Оны елорда әкімі Жеңіс Қасымбек және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табыстады.

Гүлнәр Әбдрайымова, ұстаз:

Мен Астана политехникалық колледжінен келдім. Бүгінгі шараға арнайы шақырылдық. Астана қаласының ұлағатты ұстаз мәртебесіне ие болдым. Бұл атақ қала бойынша тек 5 адамға берілді. Еңбегіміз осылай ескеріліп жатқанына қуаныштымын. Біздің түлектер әртүрлі жерде қызметте.

Жиында оқушылары пәндік олимпиадалардың жеңіс тұғырынан көрінген педагогтарға да медаль тағылды. 34 ұстаз құрметті атаққа ие болды. Бұдан бөлек, «Үздік ұйым» атағын жеңген 3 мектепке 10 млн теңге үлестірілді.

Қасымхан Сенғазиев, қалалық білім басқармасының басшысы:

 Біздің қаламызда 23 мыңнан аса ұстаз еңбек етеді. Әрқайсысының еңбегінің бағаланғанын әрине қалаймыз. Бүгінгі іс-шара «Қалдырған ізің мәңгілік» атты қала әкімдігінің атынан шағын концерт өтіп жатыр. Өнер жұлдыздары келіп, ән шырқап құттықтайтын болады.

Айта кетейік, 2027 жылға дейін бас-аяғы 180 мыңға жуық оқушы орнына арналған 65 мектеп салуды жоспарланып отыр. Бұл шаралар мектептердің шамадан тыс жүктемесін реттейді. Орын тапшылығы мәселесін толығымен шешеді дейді шара ұйымдастырушылары.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу