Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды

06.10.2023

Адам өліміне әкелген тағы бір қайғылы оқиға Ақмола облысында тіркелді. Мұнда тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды. Жеткіншек тамыз айында Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елдімекеніндегі ауруханаға барған. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Алайда, дәрігерлер «суық тигізіп алған»,- деп, оны тұмаудан емдеген. Одан жағдайы жақсармаған соң, жеткіншектің өзі де бірнеше рет тісін жұлған стоматологқа жүгінген. Дегенмен, ақ халаттылар антибиотик жазып беріп, үйге жіберді,-дейді анасы. Салдарынан жасөспірімнің жағдайы күннен-күнге нашарлап, комаға түсіп, он күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

 Кәмила Әбделманова, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі жанынан арнайы комиссия құрылды. Медициналық талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады. Дегенмен әлі де дәрігерлерді толықтай кінәлау ерте. Комиссия шешімі шыққаннан кейін барлығы белгілі болады.


Хабарламаларға жазылу