Биыл бюджетке түскен салық көлемі артты. Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтің мәліметінше, жыл басынан бері қазынаға 13 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат салықтан түскен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 25 пайызға көп. Оның 9 млрд-қа жуығы республикалық бюджетке түссе, 4 жарым млрд теңгенің кірісі жергілікті әкімдіктерге тиесілі. Әсіресе, корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығынан түскен кіріс көп. Сондай-ақ,бірқатар азамат декларацияны тапсырғаннан кейін елде салықтық тексерістер 40 пайызға төмендеген. Министрлік арнайы платформалардың көмегімен салық төлеуді тағы жеңілдетуді көздейді. Бұл жаңа салық кодексінде қарастырылған.
Әлия Жетібаева, Мемлекеттік кірістер комитеті Әдістеме департаментінің директоры:
Қазіргі салық кодексі бойынша әркім өзі салық төлеуші, өзі декларация тапсыру керек. Өзі салығын төлеу керек. Өзі банкке бару керек. Өзі платежканы толтыру керек. Осы барлық қадамды енді мемлекеттік кірістер комитеті жасап береді. Салық төлеуші жасамайды да, біз жасап оған ұсынамыз.