Елімізде соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған

07.10.2023

Соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған. Биыл тоғыз айда осындай 60 ота болған. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан гематологтар мен онкологтарға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Форумға Қазақстаннан бөлек, Ресейдің, Германияның, Израильдің медицина өкілдері қатысып жатыр. Екі күн ішінде олар онкогематологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылайды.

Айзат Сүлейменова, Ұлттық ғылыми онкология орталығы Онкогематология бөлімшесінің меңгерушісі:

Соңғы кезде барлық дүниежүзілік ұсынымдар бойынша жедел екоздар кезінде миомалық ауру кезінде және сүйек кемігі жетіспеу кезіндегі көптеген препараттар Қазақстанда қолжетімді және жеткілікті айтуға болады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу