Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі отандастарымызбен байланыста. Бұл туралы Сыртқы Істер министрлігінінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Ол Израильдегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. «Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарының елге оралуы үшін көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда» – деді Айбек Смадияров.
Аида Ахметбек