Ел аумағында 39 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Сондай-ақ, тек биылдың өзінде 31 тоннадан аса есірткі, прекурсордың 79 тоннасы тәркіленген. Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі 3 жылға арналған кешенді жоспар бар. Министр оның іске асырылуы туралы ақпарат берді. Алаяқтардың да, айласы азаяр емес. Жыл басынан бері ауыспалы нөмірлерден шалынған 37 миллион қоңырау бұғатталып, заңға қайшы контенті бар 16 мың сайт анықталған. Ел бойынша жалпы кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау және мал ұрлығына қатысты қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген. Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Бүгінгі күнде жағдай тұрақты. Аса ауыр қылмыстардың, жалпы мүлік қылмыстары жеке басына бағытталған қылмыстары бойынша қылмыстар азаюы, оның ашылуы жақсарды. Президентке жасөспірімдер қылмысы бойынша, оларды қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндадым.
Әсима Нұрбайқызы