Израильдегі отандастарымызға арнайы рейс жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильдегі отандастарымызға арнайы рейс жолға шықты

10.10.2023

Бүгін таңғы сағат 8:00-де Алматыдан Израильдегі отандастарымызды алып қайту үшін арнайы борт жолға шықты. «Аir Astana» компаниясының ұшағы бүгін түнде елге оралуы тиіс. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Израильдегі консулдық есепте 77 азамат тіркелген. 5 студент сол елде оқып жатыр. Тағы 30-ға жуық қазақстандық медицина мекемелерінде тағылымдамадан өтуде. Барлығы 112 адам. Бұдан бөлек, жұмыс бабымен немесе емделуге барған азаматтар да бар. Жалпы консулдықтың есебінде жоқ 400-ден астам отандасымыз болуы мүмкін. Бүгінгі рейспен Қазақстанға қайтуға 118 отандасымыз ниет білдірген. Елшілік өзгелерін де қарулы қақтығыс аймағынан алып шығу үшін жұмысты жалғастырады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу