Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің мәліметінше, 19 жастағы студенттің денесі «Бурабай-Жамантұз» курорты аралығындағы теміржол рельсінен табылған. Тексере келе, ол Щучье қаласындағы жоғары техникалық колледждің төртінші курс студенті Роман Бодагов екені анықталды. Қайтыс болған студенттің ата-анасы, одан бәзбіреулер ақша бопсалағанын айтып, арыз жазған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жедел-тергеу тобы құрылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мұхтар Қожаев, ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының міндетін атқарушы:
Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
Ұмсындық Наурызбаева