Жастардың кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas Project» жобасы аясында, шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдауды бастады. Оған 20 өңірдің азаматтары қатыса алады. Бөлінген грант саны - 280. Жоба бұған дейін жыл сайын 6 аймақта өтіп тұрған. Биылдан бастап республиканы түгел қамтымақ. Кәсіптік идея мен бизнес жоспарын қалыптастырып, қорғап шыққан азаматтар 1 миллион теңгеге дейін қаржыға ие болады. Бастысы, ол жұмыс қоғамға пайдасын тигізіп, жастарды жұмыспен қамти алатындай ауқымды болу керек- дейді ведомство өкілдері. Бағдарламаға 18 бен 35 жасқа дейiнгi адамдар қатыса алады. Министрлік жүзеге асырып жатқан тағы бір жоба – «Тәуелсіздік ұрпақтары». Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен басталған. Грантқа үміткерлер құжатты 26-қарашаға дейін тапсыра алады. Грант соммасы 3 миллион теңге. Егер азаматтар грантты игере алмаса, оған да шара қолданылады.
Наурызбек Бағдатов, «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының операторларымен жасалған келісімшартқа сәйкес қаражатты қайтару немесе қаражатты басқа азаматқа беру жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Асылбек Данияр