Алғаш рет фортепианодан республикалық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғаш рет фортепианодан республикалық байқау басталды

14.03.2016
Алғаш рет фортепианодан республикалық байқау басталды
Алматыдағы Ильич Чайковский атындағы музыкалық колледжде міндетті фортепиано курсы бойынша алғаш рет республикалық байқау басталды.

Байқауға еліміздің әр аймағынан 83 дарынды өнерпаз келген. Бұл шара қазақ музыка өнерінің саңлақтары Ахмет Жұбанов, Евгений Брусиловский, Латив Хамидидің 110 жылдық мерейлі мерекесіне арналуда.

«Тұңғыш Президент» қоры қолдау көрсеткен байқауға талантты жастар қазақ және әлемдік композиторлардың таңдаулы шығармаларын орындайды. Ал, музыка мәдениетінің озық үлгісі фортепианода шеберліктерін шыңдай білген жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтіп тұр.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу