«Жастар арасында ұлттық көзқарасымызды дәріптеуіміз қажет». Қызылорда қаласында жақында бой көтерген «Анаға тағзым» орталығының «Ұлт жақұты» залындағы экспозицияны көрген Президент осылай деді. Орталықта одан бөлек тағы 4 клуб пен 2 студия жұмыс істейді. Мемлекет басшысына қолөнер көрмесі мен «Қазақ елінің ұлы аналары» картинасы да көрсетілді. Орталық биыл демеушілердің қаражатына салынған. Мақсат – ұлттық құндылықтарды ұрпаққа мирас етіп қалдыру, әрі әйелдер еңбегін дәріптеу. Мұнда қыз-келіншектер мен жас аналарға психологиялық және медиаторлық қызмет те көрсетіледі. Мемлекет басшысы Қызылордаға жұмыс сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға берді. Әрі аймақ халқының әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсу басты назарда болатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Көп жұмыс жасалып жатыр. Біз мұны қадағалаймыз. Қызылорда жақсы абаттандырылды, жақсы көрінеді. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру керек. Ал негізгі жобаларды біз бақылауымызда ұстап отырамыз.
Данияр Қайыртай