Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жұмыртқа қымбаттады

11.10.2023

Маңғыстауда тауық жұмыртқасы күрт қымбаттады. Бұған дейін 1 жұмыртқа 45 теңге болса, қазір 55-60 теңге тұрады. Мамандардың айтуынша, Ресейден келетін импорт төмендеген. Соған байланысты өндірушілер тауардың өзіндік құнын көтерді. Жаз мезгілінде жұмыртқаға сұраныс төмендеп, өндірушілер шығынды азайту үшін, тауықты етке жібереді. Ал күн суыта сұраныс қайта артып, фабрикалар шығындарын өтеу үшін, өнімнің өзіндік құнын өсіреді. Аймақта тауық жұмыртқасының бағасын ұстап тұру мақсатында, «айналым механизмі» іске қосылмақ. Ол үшін құс фабрикаларымен өнімді белгіленген бағамен сату туралы келіссөздер жүргізілуде.

Аягөз Оралбай


Хабарламаларға жазылу