Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі

11.10.2023

Риддердегі жылу электр орталығы коммуналдық меншікке беріледі. Бұл туралы экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, былтырдан бастап станцияда бірқатар апат орын алған. Салдарынан қала тұрғындарын жылумен және электрмен жабдықтауда іркілістер болған. Оған жылу электр орталығының бұрынғы иелері, жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына инвестиция салмағаны себеп болған. Орталықтың жаңа меншік иесімен жүргізілген келіссөздер бойынша, инвестор кәсіпорынның барлық қарызын өтейді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу