Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасында 17-і тамызда болған өрттің орнын оқшаулау кезінде ауа температурасы көтеріліп, жұмысшылар шұғыл жоғарыға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. КСМ Еске салсақ, 17 тамыз күні «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, 5 адам көз жұмған еді. Апатқа жұмыс беруші тарап кінәлі деп танылды. Кеніште өрескел техникалық ақаулар мен қателіктер табылды.
Руслан Нұрланұлы