Қарағанды облысындағы Ахмет ауылы карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы Ахмет ауылы карантинге жабылды

11.10.2023

Қарағанды облысының Ахмет ауылы карантинге жабылды. Елді-мекенде 223 қанатты жаппай қырылған. Сараптама олардың «Ньюкасла» деп аталатын вирустан өлгенін көрсетті. Тұрғындар індет қыркүйекте келгенін айтады. Мамандардың айтуынша, вируспен тек тауық пен үндіктер ауырады. Ішкі-құрылысын толық зақымдайды екен. Тіпті жұмыртқалай алмайтын көрінеді. Болжам бойынша «Ньюкасланы» жабайы құстар жұқтырған. Алайда, аурудың адамға еш зияны жоқ дейді.

Айжан Нұржанова, тұрғын:

Он екі тауық болды. Қазір 9-ы кетті. Ішінде екі әтеш болды. Мен ойладым иттер тістеп тастады деп. Бір күні таңертең тұрсам үшеуі құлап жатыр.

Гүлнәр Әубәкірова, Ауданның ветеринарлық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы:

Қыркүйектен бастап 7 ауладан 223 бас өлді. Бәрі өртелді. Ауладан тауықтар шығарылмайды. Ахмет ауылы аумағына қазір 15 мың 538 басқа вакцинаға сұраныс берілді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу