2025 жылға дейін барлық облыс орталықтары 5G интернетпен қамтылуы тиіс. Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы Үкіметке осындай міндет жүктеді. Бұған дейін меже 2027 жыл деп белгіленген. Алайда қарыштап даму жағдайында біз қарқынды арттыруымыз керек деді Президент. Сонымен қатар Президент жасанды интелектінің мүмкіндіктерін пайдалану керектінін айтты. Ол үшін арнайы стратегиялық құжат қабылдау қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше бұл технологияны мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді маңызды салаларға енгізу керек. Жасанды интеллект қалаларды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға айналдыру процесін оңтайландыра алады деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл салада жаһандық бәсеке өте жоғары. Қазақстан осы үрдістен тыс қалмауы керек. Бұл – заман талабы. Сондықтан біз қазір озық технологияны дамытуға айрықша назар аударып отырмыз.Қазіргі міндет – еліміздегі ІТ-мамандардың, сарапшылардың, ғалымдардың басын қосып, олардың күш-жігерін тиімді пайдалану.
Шерхан Жамбылұлы