Белгілі театр режиссеры - Болат Атабаевқа арналған «Дарабоз және күрескер» атты кітаптың тұсауы кесілді. Алматыда режиссердің шығармашылығына арналған конференция өтіп, оған шәкірттері, жазушылар мен ғалымдар қатысты. Айта кету керек Болат Атабаев бірқатар театрларда режиссерлік қызмет атқарып, біршама шәкірттер тәрбиеледі. Оның спектакльдері Германия, Ресей, Қырғызстан елдерінде өткен фестивальдерде жоғары бағаланаған. Тіпті шетелдік актерлерге лекция оқыған. Енді зиялы қауым өкілдері жаңадан құрылатын Алматы облыстық театрына Болат Атабаевтың есімін беруді сұрап отыр. Ал жаңа кітапта Болат Атабаевтың шығармашылығы, қоғамға деген көзқарасы, өмір жолы суреттелген.
Шәмшәгүл Меңдиярова,Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
Ол нағыз творчествалық адам болды, ол мысалы мен бай боламын, мен атақ алайын, мен тағы бірдеңе алайын деп жұмыс істеген жоқ, ол тек қана өнер үшін жұмыс істеді. Біздің халықтың басынан өткен бұрынғы зұлмақтардың бәрін сахнадан көрсеткісі келді.
Нұрсұлтан Тілектес