Сенатор құрылыстағы былықтың бетін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор құрылыстағы былықтың бетін ашты

12.10.2023

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық маңызы бар тағы 9 қаланың бас жоспарынан, әлеуметтік мақсаттағы нысандар негізсіз алынып тасталған. Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин осылай деп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, тиісті бақылау жасамай отыр. Сол себепті, сенатор қалалардағы бас жоспардың жобаларына кешенді талдау жүргізу керек екенін айтты. Сондай-ақ, бас жоспарға сай келмейтін рұқсат құжаттарын бермеуді ұсынды.

Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Әкімдік пен құрылыс компанияларының манипуляциясының салдарынан қалалар жүйесіз салынып жатыр. Жасыл желектер жұлынып, тозып, халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне әкеліп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың бұл теріс әрекеті азаматтардың ашу-ызасын тудырды. Учаскелерді беру кезінде жер заңнамасы және бас жоспардың талаптары сақтамайтыны анықталды».

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу