Жыл соңына дейін 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін 180 млрд теңге мемлекетке қайтарылады

13.10.2023

Жыл соңына дейін шетелден тағы 180 млрд теңгенің активтері қайтарылуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов осылай деді. Оның ішінде қымбат көлік те, ақша да, жылжымайтын мүлік те бар. Бұл активтер қазір Франция, Біріккен Араб әмірліктері мен Түркия елдерінде. Жалпы бұған дейін заңсыз шығарылған 857 млрд теңге мемлекетке қайтырылған еді.

Қанат Сүлейменов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы:

Мәселен, «Оператор РОП» ісі бойынша үкім шыққан болатын және оның аясында 180 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражаттың бір бөлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бағытталды. Жалпы, қайтарылған қаржы еліміздегі әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге жұмсалады.

Заңсыз активтерді елге қайтару туралы заң жобасы «Аманат» фракциясы мүшелерінің бастамасымен жазылған. Заңсыз иемденгендердің тізімі құпия жасақталғанымен, активтерді қайтару процесі ашық жүргізіледі. Ал комиссия құрамында кәсіби мамандар жиналған.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

Әрбір Қазақстан азаматының не ұйымның бірқатар дәлелдемелері бар болса, осындай заңсыз иемденген активтер бар дейтіндей құжаттары бар болса, олардың құжатты осы комитетке жіберу мүмкіндігі бар. Журналистік зерттеу өткізіліп жатады. Егер де бірқатар дәлелдеме болса, оны комитетке жіберіңіздер, комитет ертең тексереді.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу