Астанадағы құрылыс алаңында құлаған екі альпинистің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы құрылыс алаңында құлаған екі альпинистің жағдайы ауыр

13.10.2023

Астанадағы құрылыс алаңында құлаған 4 альпинистің тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Мұны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ауруханаға жоғары дәрежедегі шок диагнозымен 3 науқас жеткізілген. Олардың қабырғалары, жамбас сүйектері сынған, ішкі ағзаларына зақым келген. Өндірістік альпенисттер биіктен құлап кеткен.
Оқиға 12 қазанда түстен кейін болған. Тап осы құрылыс алаңында 4 өнеркәсіптік альпинист биіктен құлаған. Олардың ішінде үшеуі 1999 жылғы болса, бірі 2002 жылы туған. Өкінішке қарай, 24 жастағы альпинист алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.Тағы бірі кеше ауруханада көз жұмған.

Ермек Әубәкіров, №2 қалалық аурухананың бөлімі басшысы:
Бір науқасты өкінішке қарай, сақтап қала алмадық. Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайлары ауыр. Қазір олардың өмірі үшін күрес жалғасып жатыр.
Нұрбол Әлиев 10 жылдан аса тәжірибесі бар өндірістік альпинист. Қайғылы оқиғаға байланысты тәжірибесіне сүйене отыра пікірін білдірді.

Нұрбол Әлиев, өндірістік альпинист:
Төрт адам бір уақытта құлауы мүмкін емес. Олар бір жерден байлады. Тросс па, жіп па төртеуінің салмағын көтермей құлап кеткен. Негізі 80 процент арналмаған бізде ондай альпинисттерге.
Тәжірибелі өндірістік альпинистердің айтуынша, бұл мамандық төңірегінде түйткіл көп. Салдарынан қайғылы оқиғалар жиілеген.

Нұрбол Әлиев, өндірістік альпинист:
Бізде екі түрлі альпинист бар. Оқыған, оқымаған. Оқымайтын альпинистер Астана бойынша осындай екі-үш жер бар, 25 мың теңгеге жай сатып алуға болады.
Ал, апатқа үшыраған 4 жігіт кәсіби өндірістік альпинист па еді?

Абай Еркінов, Қауіпсіздікті бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы:
Ол кісілер сол құрылыс нысанында соңғы екі ай жұмыс істеген, жұмыс берушінің айтуынша.Ққұжаттардың бәрін біз енді тексеріп жатырмыз. Комиссия күні кеше құрылды. Жұмыс берушінің айтуынша, 4 альпинист те тәжірибелері мол.
Әкімдіктегілер жасы 25 ке толмаған жігіттердің осындай бір қауіпті мамандықта тәжірибесі мол деп отыр. Дәрігерлер болса олардың барлығы Ақмола облысынан келгенін айтты. Бірақ, тескеріс енді басталды.

Азамат Бейбітұлы, тілші:
Альпинистер тап осы «Алтын бесік» тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан құлаған. Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап тұр. Қайғылы оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Кәсіби альпинистердің айтуынша, бұл кәсіпті қауіпті мамандық деп танып, түбегейлі өзгеріс енгізу керек. Қауіпсіздік ережелерінен бастап, барлық талаптарды қатаңдату қажет дейді. Әйтпесе, әлі де арқанға байланған талай тағдыр үзілуі мүмкін.
Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу