Қазақстан құтқарушылары Ауғанстандағы жұмыстарды аяқтады. Жойқын жер сілкісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін 45 төтенше жағдай қызметкері аттанған еді.
Олар 3 күнде 80 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетті. 211 баспананың үйіндісін бөлшектеді. Наиброфи елдімекеніндегі 700 қираған үйдің учаскесіне бақылау жүргізді. Жергілікті биліктің өтінішімен қатты дауылдан шатырсыз қалған баспаналарды тексерді.
Сондай-ақ, зілзаладан қаза тапқан 1 баланың денесін алып шықты. Құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған жедел топтың елге оралуы 14 қазан, яғни ертеңге жоспарланған.
Айя Мүтәлі