Павлодарда жұмысшы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жұмысшы қайтыс болды

16.10.2023

Павлодардағы жекеменшік үйлердің бірінде, су құбырын тартып жатқан екі жұмысшының үстіне қазылған шұңқырдың құмы құлап, басып қалды. Біреуі – аман. Төтенше жағдай қызметкерлері құтқарды. Ал, 51 жастағы азамат сол жерде тіл тартпай кеткен. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган мамандарының алдын ала мәліметіне қарағанда техникалық қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Себебі, су тарту жұмыстары қас қарайған уақытта жүргізілген.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу