Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы бүгін 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. «Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
«Qazaqstan» телерадиокорпарациясы ұжымы да қаламгердің отбасына және жақындарына көңіл айтады. Ұлттық арна бүгін 16:30-да және «Abai» телеарналарынан сағат 19:00-де, ақынның көзі тірісінде жазылып алынған «Тұлға» хабарын эфирден көрсетеді.
Азамат Бейбітұлы