Алматыда Орталық Азия елдірінің әйел-көшбасшылары бас қосты. Олар гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы қазір Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жаңа жобасы қолға алынғанын мәлім етті. «Жарық сәулесі» деп аталатын бұл жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық қолдауына ие. Жоба арқылы гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық келеңсіздігін жою жөніндегі аймақтық бастамасы іске қосылады екен.
Нұргүл Тауқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстаннан делегаттар қатысты, әр мемлекеттен Мәжіліс депутаттары, Сенат депутаттары сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар келді. Басқа елдердің тәжірибесін алмасып отырмыз, мысалы Өзбекстаннан келген әріптестеріміз айтты, әйелдердің мемлекеттік қызметтегі және Парламенттегі үлесі 30 пайыздан жоғары дейді, ол біздің әйелдердің белсенділігін арттыруға үлкен жол ашатын жағдай деп ойлаймын.
Әйгерім Ердәулет