Израильде халықаралық бағдарламалармен оқып жатқан 15 оқушы елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша қазіргі күнге дейін дипломаттарға 100-ге тарта азамат Израильден кету туралы өтінішпен жүгінген. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның Израиль, Мысыр және Иорданиядағы елшілігі жұмылдырылған. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің бағалауы бойынша, Израильде консулдық есепте жоқ 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Ал, Тель-авивтегі халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
Кеше Қазақстанның Израильдегі елшілігінің көмегімен 19 азаматымыздың, оның ішінде арнайы бағдарламалар бойынша оқыған 15 бала ұшып келді. Сондай-ақ газосектордағы жағдай өте күрделі. Қолда бар ақпаратқа сәйкес 67 ҚР азаматы, отбасы мүшесімен есептегенде 100-ден астам адам табылды.
Аида Ахметбек