Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі және тұлғалық даму. Қоғамдағы өзекті мәселелер бүгін Түркістанда өткен халықаралық білім беру бизнес форумында талқыланды. Елімізге танымал тұлғалар теолог Нұрлан Асанов пен медиаменеджер Арман Дәулетияров, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов басқосуда ұлттық құндылықтар туралы ойларын ортаға салды. Спикерлер әлеуметтік желіде жиі талқыланатын мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Жиынға келген тұрғындар да олармен еркін пікір алмасты. Форум аясында кәсіп бастағысы келетін жастарға бағыт-бағдар берілді.
Арман Дәулетияров, медиа менеджер, қоғам қайраткері:
Біз халықпен кездескенде ұлттық құндылықтар төңірегінде ғана айтпаймыз. Қаланы аралап, тарихи орындарда да боламыз. Оны әр барған қаламызда насихаттаймыз. Жалпы бұл басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - іскер азаматтарды спикер ретінде тартып, қоғам қайраткерлерін, медиа-бизнес өкілдерін және мыңдаған кәсіпкерлер мен Қазақстанның қарапайым тұрғындарын үлкен қайырымдылық миссиясына біріктіру.
Айнұр Әбілқасымқызы