Шымкентте адам өліміне себепші болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте адам өліміне себепші болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды

17.10.2023

Шымкентте 5 адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды. Оған жол ережесін бұзды және көлік басқару барысында адам өліміне себепші болды деген айып тағылды. Яғни, ол сол күні өзіне тиесілі емес автобустың рөліне отырған. Әрі соңғы аялдамада көліктің тежегішін іске қоспай, сыртқа шығып кеткен. 49 жастағы жүргізуші сот барысында өз кінәсін мойындап, болған іске өкінетінін айтты. Судья жәбірленушілердің айыпталушыны кешіргенін және 5 баласы барын ескере отырып, жазаны мейілінше азайтқан. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Естеріңізге саламыз, жантүршігерлік оқиға биыл 8 сәуірде болған. Аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісіз жүріп кетіп, жолдың қарсы бетінде тұрған бірнеше адамды таптап өткен болатын. Салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Ал қайғылы оқиғадан аман қалған жалғыз адам жол апатынан соң мүгедек болып қалды.



Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу