Ауғанстанда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазір ең алдымен шатыр керек. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестірушісі Кабулде өткен брифингте мәлімдеді.
Соңғы он күнде Ауғанстанның батысында үш рет зілзала болды. Олардың қуаты 6,5 баллға жақындаған. Бұл дүмпулерден Герат провинциясында 3300-ден астам үй толық қирап, 43 мыңдай адам зардап шекті.
Сонымен қатар, шамамен 1500-дей тұрғын қаза тауып, 2 мыңға жуығы жараланған.
Арыстан Рысбек