Қазақстан астық экспортын қысқартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан астық экспортын қысқартады

19.10.2023

Өнімділік көлемінің төмендігін ескере отырып, биыл Қазақстан астық экспортын қысқартады. Бұл туралы ауыл шаруалығы вице-министрі Азат Сұлтанов арнамызға берген сұқбатында айтты. Жаздағы қуаңшылық шаруаларды біраз қыспаққа алғаны аян. Аптаптан алқаптағы астықтың көбі күйіп кеткені есте. Салдарынан шығым сапасы да, көлемі де төмен. Ауыл шаруашылығы министрлігі ел бойынша шамамен 16 млн тонна бидай жиналады деген болжам айтты. Бұл былтырғыдан анағұрлым аз. Шамамен 7 млн тоннаға дейін кем. Дегенмен, ішкі нарық тарықпайды деді. Былтырдан қалған астық бар, биылғыны қосып қажетті өнімдермен толық қамтамасыз етпек. Әрі вице-министр әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өспейді деп сендірді. Тек, астық экспорты қысқарады.    

Азат Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Астық экспортын 5 млн тоннаға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Бұған дейінгі жылдарда шамамен 7-8 млн тонна жөнелтетін едік. Ал субсидия арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсірмейміз. Сондықтан алаңдауға незіз жоқ, жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу