Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында өңірде игі жобалар жүзеге асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында өңірде игі жобалар жүзеге асырылды

19.10.2023

Республика күні қарсаңында және Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында өңірде игі жобалар жүзеге асырылуда. Қарауылтөбе ауылында тұрғындар көптен күткен жаңа клуб пайдалануға берілді. Сондай-ақ, бюджеттен тыс қаржы көздерінен қаланың ескі көпқабатты үйлері қайта жөнделді. Игі істерге тілшіміз Әділбек Серікұлы куә болып қайтты.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Шаһарда осындай балаларға арналған ойын алаңдары көбейді. Бүгінде кәсіпкерлердің есебінен 17 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, спорт, ойын-сауық алаңдары салынды. Ең бастысы, балалар мәз-мейрам.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Ал Қарауылтөбе ауылдық округінде жаңа 150 орындық клуб ел игілігіне берілді. Елдімекен балаларын өнерге баулитын мәдени нысанда ән, жыр-терме, би, қолөнер секілді 8 түрлі үйірме жұмыс істейді.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

Жыл басынан бері Арал, Қармақшы аудандарында осындай мәдениет үйлері салынып, ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Қалада өнер орталығы салынып жатыр. Құны 3,7 млрд теңгені құрайды. Ол жыл аяғында пайдалануға берілетін болады.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Облыстың 85 жылдығы мен қала күніне арналған ауқымды істердің бұл бір парасы ғана. Елдің әлеуетін көтеруге бағытталған игі жобалар әлі де жалғасын таба бермек.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу