2022 жылы скрининг өту арқылы 540 мыңнан астам қазақстандық өз дертін анықтады. Оның 354 мыңы диспансерлік есепке алынды.
Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, мониторинг және скринингтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Конуршина мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғындардың арасында қан айналымы жүйесі аурулары, қант диабеті мен сүт безі қатерлі ісігі аурулары жиі кездесіп тұр. Айта кетейік, скринингтен өту арқылы бірқатар қауіпті аурулардың алдын алуға болады. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандықтарды өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырады.
Аида Ахметбек