Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағындағы әскери бөлімде болған жарылысқа қатысты кінәлілерге сот үкімі шықты. Үкімді Шымкент әскери гарнизоны соты жариялады. Бұл іске байланысты 6 адам айыпталып отыр. Соның екеуі 9 жылға сотталды. Ал 2 адамның кінәсі дәлелденбегендіктен, ақталды. Тағы 2 адам қылмыстық жауапкершіліктен босады. Айта кетейік, осыған дейін тергеу барысында олардың екеуіне оқ дәрі сақталған қоймада қауіпсіздік ережелерін сақтамады, тағы 4 әскери қызметкерге өз жұмысына салғырт қарағаны үшін кінә тағылған болатын. Жарылыс кезінде жалпы 24 милиард теңгеден астам шығын келген. Естеріңізге сала кетейік, әскери бөлімнің қоймасында жарылыс 2021-ші жылы тамызда болған еді. Апат салдарынан 96 адам зардап шегіп, 18 адам қайтыс болған.
Ғани Қалмахан