Қостанай облысында жеті шақырым жылу құбыры жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында жеті шақырым жылу құбыры жаңартылды

20.10.2023

Қостанай облысындағы Арқалық қаласында биыл 7 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылды. Алдағы екі жылда қалған барлық құбырды ауыстыру көзделіп отыр. Осылайша үш кезеңге есептелген жобаға шамамен 12 миллиард тенге жұмсалады. Жалпы Арқалық қаласындағы жылу желісінің ұзындығы 35 шақырымға жуық. Соның 90 пайызы тозған. Яғни 60 жыл бұрын салынған желілердің мерзімі әлдеқашан өткен, шіріп тұр. Биылғы жаңарту жұмысына 3,2 миллиард тенге қаржы жұмсалған. Арқалықтың жылу беру маусымына 48 мың тонна көмір керек. Қазір қорда 10 мың тонна бар. Келісім-шарт бойынша қатты отын Шұбаркөлден қажетті көлемде жеткізіліп отырады. Ал қандай да бір тосын жағдайға 4,5 мың тонна мазут сақтаулы тұр.

Өміржан Әбдібеков, Арқалық қаласының құрылыс және сәулет бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

Елудей үй, ғимарат бар. Соның ішінде 27,28 тұрғын үй. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге толығымен жылу берілді. Төрт-бес обьекті қалды. Соларды жылумен қамту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы екі күнде бітіріп қаламыз деп жоспарлаудамыз.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу