Вашингтонда Түркі елдерінің фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда Түркі елдерінің фестивалі өтті

20.10.2023

АҚШ астанасы Вашингтонда Түркі елдерінің фестивалі өтті. Шетелдік көрермен қазақ, түрік, өзбек, әзербайжан және өзбек халықтарының ұлттық өнері мен мәдениетімен етене танысты. Мерекелік шараға бір күнде 20 мыңнан астам адам келген. Биылғы фестивальде қазақ қыздарынан құрылған «Гүлдер» би тобы да өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Оның ішінде қазақ келіні америкалық Лена Нилас жиналаған көпшілікке «Қамажай» билеп, өнерімен тәнті етті. Жергілікті көрермендерге қазақ халқының бай мәдениетін таныстырғысы келген қазақ келіні Гүлдер би тобына барып, бірнеше ай бойы дәріс алған.

Лена Бауыржан, фестивальге қатысушы:

Менің күйеуім – қазақ. Ал оның анасы «Гүлдер» би тобының мүшесі. Мен олардың билеген видеосын көріп қатты қызықтым. Сондықтан енемнен қазақ биін үйретуді өтіндім. Қазақ биін меңгеріп жүргеніме бірнеше ай ғана болды. Бұл маған қазақтың салт дәстүрімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу