Елордада кітапханашылар марапатталды. Кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Жиынға өңірдегі руханият ошақтарының өкілдері келді. Соның бірі – павлодарлық Даниял Әсенов. Абайдың барлық қара сөзін жатқа білетін қария жыл сайын 100 ауылды аралап, балаларға хакімнің ұлағатын үйретеді екен.
Дархан Рақымжан