Елімізге келетін шетелдік туристер саны 2 есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге келетін шетелдік туристер саны 2 есеге артты

20.10.2023

Соңғы жарты жылда елімізге шетелден келетін туристер саны екі есеге артып, олардың саны 516 мыңға жетті. Ал 3 млннан астам қазақстандық елімізде саяхаттап, ішкі туризмнің дамуына үлес қосқан. Оның ішінде балалар тегін ұшатын турпакет бағдарламасы бойынша қазақстандық отбасылар 80 млн теңге үнемдеген. Бұл туралы баспасөз брифингінде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты.

Сондай-ақ, ол туризмді дамыту үшін қабылданған жаңа жұмыс-жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде инфрақұрылым құруға мүмкіндік беру, туристік брендті бекіту және гидтердің қызметін цифрландыру.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу