Аргентинада президенттік сайлаудың екінші туры өтетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада президенттік сайлаудың екінші туры өтетін болды

23.10.2023

Аргентинада өткен президенттік сайлауда өзіне әлем назарын аудартқан, әсіре оңшыл кандидат Хавьер Милей бірінші орыннан көріне алмады. Бюллетендердің 90 пайызы саналып болғаннан кейін қорытындыға қарағанда, экономика министрі Серхио Масса алда келеді. Бірақ екі үміткер де абсолюттік басымдыққа ие бола алмады. Массаға электораттың 36 пайызы, ал Милейге 30 пайыздан сәл астамы дауыс берген. Сондықтан Аргентинада сайлаудың екінші туры өтеді. Ол қарашаның 19-на жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Масса - мемлекеттің экономикадағы рөлін арттыруды қолдайтын саяси қозғалыстың өкілі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу