Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құру ұсынылды

23.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Бұл бірлестік денсаулық сақтау және аурудың алдын алу қағидаттарын одан әрі ілгерілетуге, медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі бірлескен ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияда айтты. Пленарлық отырысқа қатысқан Президент өз сөзінде денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін атап өтті.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу