Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ әуе күштері алғаш рет бірлесіп жаттығу өткізді. Әскери ұшақтар Корей түбегі маңында көкке көтерілген. Сеулдің ресми мәліметі бойынша, бұл жаттығулардың мақсаты – Солтүстік Кореядан төнген ядролық және зымырандық қауіпке жауап беруге машықтану.
Әуе күштерінің бірлескен шарасына Американың В-52 бомбалаушы ұшағы мен үш елдің соғысушы ұшақтары қатысты. Бұның алдында одақтастардың теңізшілері Құрама Штаттарда сүңгуір қайықтарға қарсы «Үнсіз акула» атты жаттығуға қатысқан.
Арыстан Рысбек